×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Миға қандай азық-түлік өнімдері пайдалы

Миға қандай азық-түлік өнімдері пайдалы
Фото: facebook.com

Күнделікті тұтынатын азық-түлік құрамында адам ағзасына пайдалы түрлі дәрумендер болады. Дегенмен, әлбетте, мұндай тағамдар арасында денсаулыққа кері әсерін тигізетіндері де бар. Осы орайда біз мамандар шығарған қорытындыға сүйене отырып адам миына оң әсер ететін тағам түрлерін қарастырып көрдік, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сарапшылар оны үш топқа бөлген екен:

1. Мидың жұмысын арттыратын міндетті түрде жеу керек тағамдар.
2. Күнделікті тұтынбайтын, бірақ миға қажетті дәрумендерді бере алатын тағамдар.
3. Миға кері әсерін тигізетін тағамдар. 

Бірінші топқа жаңғақ, балық пен теңіз өнімдері, зәйтүн майы, көкөністер мен жеміс-жидектер кіреді.

Бұл өнімдер миға оң әсер ететіндіктен, оларда сақталатын дәрумендер мен микроэлементтердің көп болуына байланысты мүмкіндігінше тұтыну маңызды.

Екінші топқа жеміс-жидек, майсыз сүт өнімдері, құс еті мен жарма өнімдерін қосамыз. Бұларды күнделікті тұтынудың қажеті жоқ, бірақ олар мидың қызметіне оң әсер етеді.

Ал үшінші топқа мамандар тек миға ғана емес, сонымен бірге бүкіл ағзаға зиян келтіретін қуырылған тағамдар, қызыл ет, майлы сүт өнімдері, жартылай фабрикаттар мен тұзды жатқызған.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: Қыстық аяқ киімді қалай таңдау керек