Google өзінің деректер орталығын кеңейту үшін Финляндиядан 27 миллион еуро тұратын жер учаскесін сатып алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы ел Үкіметі мәлімдеді.
Финляндияның Бас орман басқармасы елдің солтүстік-шығысындағы Каяни қаласының аумағында шамамен 1400 гектар жерді сатуды мақұлдады. Бұл аймақ компанияның негізгі деректер орталығын кеңейту үшін пайдаланылатын болады.
2009 жылы Google Финляндиядағы алғашқы деректер орталығын Хельсинкиден шығысқа қарай 145 км жерде орналасқан Хамин қаласында салды. Қазіргі уақытта компанияның Хамин кампусында 400-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.
Биыл мамырда Google өзінің Хамин кампусын кеңейтуге 1 миллиард еуро инвестициялау жоспарын жариялады, бұл алдағы екі жылда жаңа жұмыс орындарын құруға әкеледі.
Бұған дейін Бенгал мысықтарын иелену заңды ма, жоқ па деген ақпаратты Google-ге іздеуге тырысқан компьютер пайдаланушылары оғаш кибершабуыл құрбанына айналып жатқанын жазған едік.