×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Сенбідегі валюта бағамы: доллар мен еуро қаншадан сатылып жатыр

30.11.2024, 10:10
Сенбідегі валюта бағамы: доллар мен еуро қаншадан сатылып жатыр
Ulysmedia коллажы

Еліміздің ең ірі қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 513-523 теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық банктің 30 қарашаға арналған ресми бағамы – 1 долларға 511,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,73 теңге. Еуро – 540,05.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 515,14 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 519,23 теңге. Еуро 538,88 – 546,57 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 513 теңге, сатып алу құны – 523 теңге. Еуро 538,72 теңгеден сатылып, 548,92 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,81-4,96 аралығында саудаланып жатыр.

Еске сала кетсек, 29 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,53 теңгеге төмендеп, 512,52 теңге болған.

Ал Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.

Ұлттық банк долларды ұстап тұру үшін интервенцияға 1 млрд доллар шығындады.