Бұл туралы Астанада өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СҮЛЕЙМЕНОВ НЕ ДЕЙДІ
Журналистер интервенция жүргізген кезде Ұлттық банк қанша ақша жұмсағанын Тимур Сүлейменовтен сұраған. Сүлейменов 13 күн ішінде 1 млрд доллар кеткенін айтты.
– Жеке тұлғалғарға бұл қатты әсер етпеді. Барлық филиалдарын ақпарат жинадық. Артық сұраныс жоқ. Тек заңды тұлғалар. Қазақтан қор биржасындағы заңды тұлғалар осы сұранысты құрап отыр. Біз тұтынушылар ретінде сабырлымыз. Ең көп сұраныс 2 күнде болды, – деді ол.
ДОЛЛАРДЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ
28 қарашадағы Қазақстанның айырбастау пункттерінде валюталардың орташа өлшенген бағамы белгілі болды. Доллар 525 теңгеге сатыла бастады. 18 қарашада Қазақстанның айырбастаушыларындағы доллар бағасы 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асқан еді.
Ұлттық банк осыған байланысты интервенция жүргізді.
Артынша Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.