Қызылорда облысының Сарыарқа ауданында мал бағып жүріп, бағытынан жаңылып, адасып кеткен малшыны жергілікті құтқарушылар аман-есен тауып алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Құтқарушыларға 1967 жылы туған ер кісінің жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Өңірдегі ТЖД таратқан мәліметке сүйенсек, кеше таңғы уақытта жергілікті тұрғын мал бағуға шығып, қайтып оралмаған. Туыстарына ол телефон арқылы қатты тұман салдарынан жергілікті жердегі бағдарын жоғалтқанын және адасып қалғанын хабарлап үлгеріпті.
Құтқарушылар дереу іздеуге шықты.
Төтеншеліктер бүгін таңғы уақытта оны "Бимағамбет" шаруа қожалығынан алыс емес жерде тауып алды.