Астана қаласының өрт сөндірушілері екі жүк автокөлігін оттан құтқарды, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
ТЖМ хабарлауынша, Сарыарқа ауданындағы Жарсуат көшесінде үш қабатты әкімшілік ғимараттың бірінші қабатында бокста өрт шыққан.
“Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін бокста жүк көлігінің жанармай багы жарылып, артынша жанған. Өрт кезінде бокс ішінде 3 жук автокөлігі болған, өрт сөндірушілер екі автокөлікті өрттен құтқарып қалды”, делінген ведомство хабарламасында.
Өрт салдарынан 3 адам зардап шеккен, олар медициналық жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған.
️Өрт 15 шаршы метр алаңда сөндірілген.