Орал тұрғындары қаңғыбас иттердің атылғанына жаппай шағымдана бастады. Олар көшеден өлген жануарлардың мәйітін тауып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АНЫҚ-ҚАНЫҚ
Орал тұрғындарының үнін қоғам қайраткері Рахым Ошақбаев жариялады.
Тұрғындардың айтуынша, иттерді ату соңғы бір айда байқалған. Айтуларынша, өлтірілген жануарлардың мәйіттері дәл жол бойына қалдырылған.
СӨЗБЕ-СӨЗ
«Бір айға жуық уақыттан бері қаланың түкпір-түкпірінде қаңғыбас иттер із-түзсіз жоғалып кетті, бірақ оларды жергілікті тұрғындар әлі де асырап отырған. Иттердің мәйіттерін алып үлгермеген, әлде ұмытып қалдырып кеткен жағдайлар да кездеседі».
«Бүгін жеке секторда біздің көшеде иттер атып, мәйіттері жерде жатыр. Бұл сұмдықты көрмеуі үшін баламды күндіз басқа жолмен мектепке апардым», деп жазады ашулы тұрғындар.
Сонымен қатар қала тұрғындары үй жануарларының да атылғанын айтады.