×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Green card ұтып алуға 155 мың қазақстандық үміттенген

13.12.2021, 22:15
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы forbes.kz Қазақстан Республикасындағы АҚШ Бас консулы Кэролайн Сэвиджге сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Грин-карта – АҚШ-тың шетел азаматтарының елде тұруына, жұмыс істеуіне рұқсат беретін ықтиярхаты. Оны алған адам елде бес жыл тұрғаннан кейін азаматтыққа өтініш бере алады. АҚШ ықтиярхатының грин-карта деп аталуы құжаттың жасыл түсіне (ағылшын тіліндегі green сөзі жасыл деген мағына береді) байланысты.

«2021 жылғы лотерея бағдарламасына дүние жүзі бойынша 12 миллионға жуық адам қатысты, оның ішінде 155 мыңы – қазақстандық. 12 миллион қатысушының 132 мыңы виза беру үшін таңдалды. Біздің виза қызметкерлері қазір 2022 бағдарламасына қатысу үшін таңдалғандар үшін визалық өтінімдерді өңдеуде, ал 2023 жылға арналған өтінімдерді қабылдау аяқталды», - дейді Кэролайн Сэвидж.

Серіктес жаңалықтары