Су тасқынында иесімен бірге құм салынған қап тасып, көпті тәнті еткен ақылды итті атып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Виктор Сутягин есімді желі қолданушысы жазды
Оның сөзінше, Пшөн деген ақылды хайуанды ит аулаушылар атып тастаған. Жергілікті әкімшілік жабайы иттерді ату үшін оларға бір-екі мың теңге төлеген.
Алайда Пшөн көшені кезіп жүрген құтырған жабайы ит емес еді. Ол Атырау облысы Махамбет ауданы Сартоғай ауылы тұрғынының сенімді серігі болатын.
Пшөн көктемгі су тасқынында құм салынған қапты арқалап, жергілікті жұртқа бөгет жасап, өзеннің жағалауын күшейтуге көмектескен.