×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Австралия әлемде алғаш болып ең ұзақ әуе рейсін жүзеге асырмақ

03.12.2024, 13:12
Австралия әлемде алғаш болып ең ұзақ әуе рейсін жүзеге асырмақ
BILD

Австралиялық Qantas әуе компаниясы рекорд орнатуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Project Sunrise жобасы аясында 2026 жылдан бастап рейстерді іске қосу жоспарланып отыр. Бұл бағыттар әуе тасымалы тарихындағы ең ұзақ тұрақты рейстер болады, деп жазады BILD басылымы.

Бағдарламаны іске асыру үшін Qantas арнайы жаңартылған Airbus A350-1000 ULR ұшақтарын пайдаланбақ. Бұл ұшақтар қосымша жанармай бактарымен жабдықталған, олардың қолданылуына 2023 жылдың шілдесінде Еуропалық авиация қауіпсіздігі агенттігі рұқсат берген.

Airbus A350-1000 ULR ұшағы төрт қызмет көрсету класса бойынша шамамен 240 жолаушыны қабылдай алады: эконом, премиум-эконом, бизнес және бірінші класс.

ЖАЙЛЫЛЫҚ

Суперұзақ рейс кезінде жолаушылардың жайлылығына ерекше көңіл бөлінеді. Кабиналар джетлаг әсерін азайтуға көмектесетін арнайы жарықтандыру жүйесімен жабдықталады. Сондай-ақ «денсаулық аймағы», сусындар мен жеңіл тағамдармен қамтамасыз етілген арнайы орын ұйымдастырылады.

Жаңа жоба аясындағы алғашқы рейс 2026 жылдың ортасына жоспарланған.