×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Оңтүстік Кореядағы жағдай: Қазақстан елшілігі азаматтарға үндеу жолдады

Бүгін, 08:19
Оңтүстік Кореядағы жағдай: Қазақстан елшілігі азаматтарға үндеу жолдады
Коллаж

Қазақстанның Корея Республикасындағы елшілігі саяси ахуалға байланысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Корея Республикасы Президенті Юн Сок Ёльдің әскери жағдай енгізуіне байланысты Корея Республикасында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын сабырлық сақтап, жергілікті биліктің ұсыныстарын орындауға және көпшілік іс-шаралардан аулақ болуға шақырамыз.

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін төтенше жағдай туындаған жағдайда, жедел байланыс үшін +8210-6572-9311 телефоны арқылы Елшілікке хабарласуларыңызды сұраймыз!” делінген ресми хабарламада.

Кеше кешке Оңтүстік Корея президенті елде әскери жағдай енгізілетінін мәлімдеді. Ол мұны елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және конституциялық тәртіпке нұқсан келтіретін «мемлекетке қарсы күштермен» күресуге бағытталған шада деп түсіндірді.

Осыдан кейін елде дүрбелең басталып, президентке қарсы наразылық шаралары жүріп жатты.

Әскери жағдайға қарсылар президентті конституцияны бұзды және билікті тартып алмақ болды деп айыптады. Ұзамай Корея Республикасының Ұлттық ассамблеясы (парламент) әскери жағдайды алып тастады.