FlyArystan әуекомпаниясы ішкі тексеру барысында қаражат ұрлау фактілерін анықтап, тәуелсіз тергеу жүргізу үшін аудиторлық компанияның көмегіне жүгінді. Бұл туралы әуекомпанияның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Тергеу нәтижесінде заң бұзушылықтар расталып, әуекомпания кінәлі тұлғаларды анықтау және келтірілген шығынды өтеу мақсатында құқық қорғау органдарына ресми арыз берді.
ТЕРГЕУ
Қаржылық есептілікке сәйкес, анықталған шығын сомасы 9 айлық есепте толық көрсетілді. Алайда тергеу мүддесіне байланысты қосымша мәліметтер жарияланбайды, - делінген хабарламада.
FlyArystan әуекомпаниясы өз қызметінде алаяқтық пен заңсыздыққа қатаң қарсылық білдіретінін және мұндай әрекеттерге төзімділік танытпайтынын мәлімдеді.