×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Зейнетақы жинағын пайдалану мерзімі қысқарды

14.12.2021, 14:00
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан Отбасы банктегі арнайы шотқа аударылған қаржыны пайдалану мерзімі 45 күннен 20 күнге қысқарды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осылайша, «Отбасы банк» АҚ өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазғандай, зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі өзгеріп отыр.

«Енді БЗТ қаражатын пайдалануға 20 жұмыс күні беріледі. Яғни, БЗТ арнайы шотқа түскеннен кейін, қаражаты 20 жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі болады», – деп мәлімдеген бұрынғы Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі тиісті уақытты есептеу онлайн-платформада өтінім жіберген сәттен емес, БЗТ қаражаты арнайы шотқа түскен сәттен бастап есептелетініне назар аударуды сұрайды.

Сонымен қатар, еске сала кетсек, қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы артық соманы биылғы 16 желтоқсаннан бастап Отбасы банктегі депозитке аудара алады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, бұған дейін жазғанымыздай, Үкіметке зейнетақы шегін ендігі жылдың сәуіріне дейін көтермеуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары