Астанада дөңгелек шинасы жанып, өрт 500 шаршы метрге жайылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЖМ хабарлауынша, түнде Сарыарқа ауданында Көктал көшесінде орналасқан автокөлік шиналарын жою цехында резеңке бұйымдар, жабдықтар және шатырдың ағаш құралымдарыны жанған.
Жалынға оранған ғимараттан өрт сөндірушілер бірінен соң бірі 2 газ және 2 оттегі баллондарын шығарып жарылыстардың алдын алды.
Өрт 500 шаршы метр аумаққа жайылғаны белгілі болды.
Зардап шеккендер жоқ екені хабарланды.