Сириядағы көтерілісшілер елдің ең үлкен үшінші қаласы Хомсқа жақындап қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БҰҒАН ДЕЙІН ХАМАС ҚАЛАСЫНА КІРГЕН
Бұл туралы BBC жазды.
Сириялық көтерілісшілердің біріккен операция орталығының мәліметінше, көтерілісшілер Хомсқа бара жатқан жолдағы Растан мен Тел-Бис қалаларынан өткен және қазір Хомс қаласына бес шақырымдай қашықтықта.
5 желтоқсан күні Асадқа қарсы коалиция әскерлері Хама қаласына кірді. Ал өткен аптада исламшылар бастаған көтерілісшілер Сирияның ең үлкен қалаларының бірі Алеппо қаласын 2016 жылдан бері алғаш рет басып алды.
Хомс – ел астанасын Жерорта теңізі жағалауындағы негізінен алавиттер тұратын аудандармен байланыстыратын стратегиялық маңызы бар қала. Бұл діни бірлестік әрқашан Асад отбасының саяси тірегі болып саналған.
Ақпараттан шошыған қала тұрғындары Хомсты тастап барады, желіде тараған видеолардан қала жолдарындағы көлік кептелістерін көруге болады.
Ұлыбританияда орналасқан Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығы (SOHR) көтерілісшілердің Хомсқа қарай ілгерілегені туралы ақпаратты растады.
СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕҢ ІРІ ШАБУЫЛ
SOHR бұған дейін ресейлік әскери ұшақтар көтерілісшілер қозғалысын бәсеңдету үшін Растан қаласындағы көпірді бомбалағанын хабарлаған еді.
Елдің шығысында күрд жасақтары үлкен Дейр-Эззор қаласына кіргенін хабарлады. Үкімет әскерлері қаланы тастап кеткен. Сондай-ақ күрд жасақтарының Ирак пен Сирия арасындағы шекара бекеттерін бақылауға алғаны хабарланды.
Көтерілісші топтар Сирия үкіметіне соңғы жылдардағы ең ірі шабуылын бастады. Олар оңтүстікке қарай жылжуда, ал Хомс Сирия астанасы Дамаскіге барар жолдағы келесі аялдама болмақ. Бұл шабуыл Сириядағы басталған азаматтық соғыс басталған 13 жылдан бергі көтерілісші күштердің ең жылдам ілгерілеуі болды.
Өткен аптадағы Сирияның солтүстігінде үкімет күштердің күйреуі Сирия-Ресей-Иран альянсының алдында тұрған қиындықтарды көрсетеді. Ресей 2022 жылдың ақпанынан бері Украинадағы соғысқа назар аударды, ал Сириядағы қақтығыста маңызды рөл атқарған “Хезболла” қозғалысы Израильмен соғыста үлкен шығынға ұшырады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркия Ирак пен Сирияда арнайы операциялар өткізген болатын.