×
514.93
536.04
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.93
536.04
5.18

Алматыда блогер Асхат Бектенбаев бопсалау күдігімен ұсталды

07.12.2024, 12:42
Алматыда блогер Асхат Бектенбаев бопсалау күдігімен ұсталды
Ratel.kz

Түнде Алматыда блогер Асхат Бектенбаев ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ZTB News арнасына сілтеме жасап. Бұл жайлы құқық қорғау органдарындағы анонимді дереккөз хабарлаған. Полиция департаменті ақпаратты растады.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Алынған мәлімет бойынша, 37 жастағы ер адамға ақша бопсалауға қатысты айып тағылып отыр. Ол полиция қызметкерін әлеуметтік желіге видео жариялаймын деп қорқытып, одан миллион теңгеге жуық ақша талап еткен көрінеді. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам блогер Асхат Бектенбаев екені анықталды.

Полицей көмек сұрап, жеке қауіпсіздік бөліміндегі әріптестеріне жүгінгені белгілі болды. Осыған байланысты Алматы қалалық ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасы мен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті блогерді ақша алып жатқан жерінен ұстау үшін арнайы операция жүргізген.

Блогердің қасында оның көлігімен қылмысқа қатысуы мүмкін тағы екі адам болған.

“Олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Блогердің өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр”, деп хабарлайды Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 "Дорожный Патруль" порталы блогердің ұсталған сәтіндегі суретті де жариялап, оның есімі Асхат Бектенбаев екенін көрсетті.

Бүгінде аса таныла қоймаған Асхат Бектенбаев өзін блогер ретінде көрсетеді. Оның қызметі сапарларды түсіру, арандатушылықтары бар репортаждар жасаумен белгілі.