×
524.66
550.21
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.66
550.21
5.09

Түркістан облысында жер сілкінді

09.12.2024, 09:46
Түркістан облысында жер сілкінді
ашық дереккөзден

Сейсмологиялык зерттеу институты Астана уақытымен 08 сағат 24 мин 10 сек жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Зілзаланың белгісі Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент ауылында (2 бал) сезілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 742 км жерде орналасқан. 

– Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ, – деп хабарлайды ТЖМ.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

  • Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  • Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
  • Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
  • Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
  • Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
  • - көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  • Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  • Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  • Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  • Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.