Қазақстанның Халық әртісі әрі әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген тағы бір марапатқа ие болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
14-ші рет "Халықтың Сүйіктісі-2024" ұлттық сыйлығында 10 номинация бойынша дауыс беру қорытындысы шығарылды. Димаш Құдайберген тағы да "Жылдың Мәдениет қайраткері" атанды. Бұл санатта әнші төртінші рет марапатталып отыр.
Марапаттау рәсімі 2025 жылдың 16 қаңтарында өтеді.
Қараша айының соңында қазақстандық әртіс DIAFA 2024 қонақтарына өзінің Stranger концерттік турының титулдық композициясын таныстырып, беделді марапатқа ие болған еді.
Димаш Құдайберген
Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянында Қазақстан жерлерінің сұлулығын көрсеткен еді.
Димаш Құдайберген қазақ әншісі, әндердің авторы әрі мультиинструменталист. Ол классикалық және заманға сай музыка бойынша университеттік білім алған. Өзінің ерекше кең вокалдық диапазонымен танымал.