Қорғаныс істері департаментінің мәліметінше, аталған факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақтөбе облысында әскери комиссар өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат пайда болды. Қорғаныс істері департаменті қайғылы оқиға 8 желтоқсанда болғанын хабарлады.
– Алдын ала ақпарат бойынша, болған оқиға әскери қызмет өткерумен байланысты емес. Себептері мен жағдайлары анықталуда. Іс жүзінде қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.
АРМИЯДАҒЫ ТРАГЕДИЯЛАР
17 қыркүйекте әскери қызметкер Арыс қаласында басынан оқ жарақатын алған еді.
13 қыркүйекте сержант Алматыдағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтында өзіне қол жұмсаған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.
13 қыркүйекте әскерилер Жезқазғанда оқ жарақатымен ауруханаға жатқызылды.
7 қыркүйекте "Оймаша" полигонында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің жиыны кезінде қайғылы оқиға орын алды. 19 жастағы сарбаз Марат Ерболұлы Барқұловты офицер бетінен атқан.