×
522.42
543.89
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.42
543.89
5.28

Алматы облысында 1 және 8 жастағы балалар дәретхана шұңқырына құлап кеткен

Алматы облысында 1 және 8 жастағы балалар дәретхана шұңқырына құлап кеткен
Фото: видеодан скрин

Алматы облысында 1 жасар бала мен 8 жастағы қыз дәретхана шұңқырына құлап кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

КТК телеарнасының мәлімдеуінше, оқыс оқиға Шонжы ауылында болған. Бір жасар бала үйдің ауласында ойнап жүрген. Ата-анасының қарауынсыз қалған ол тереңдігі екі метр кәріз құдығына түсіп кеткен. Сәбиді шығарып алуға асыққан 8 жастағы әпкесі де құдыққа түсіп кетіп, шыға алмай қалған.

Құтқарушыларды балалардың ата-анасы шақырыпты. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар балаларды арқанның көмегімен шығарып алған. 

БАЛАЛАР ЗАРДАП ШЕККЕН ЖОҚ

Құтқарушылар шақырту орнына жедел жетіп, құтқару арқанымен құдықтан балаларды шығарды. Балалар зардап шеккен жоқ. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, – дейді  Ұйғыр ауданы ТЖБ бастығы Рамиль Махпиров.