×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Қостанай облысында әйел такси жүргізушісіне пышақпен шабуылдаған

Қостанай облысында әйел такси жүргізушісіне пышақпен шабуылдаған
Фото: oxu.az

Қостанай облысында өзіне ескерту жасаған такси жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Әйел Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кентінен Лисаков қаласына жету үшін Қостанай-Қарабұтақ тасжолында көліктерді тоқтатқан. Алдыңғы жолаушылар орындығында кәмелетке толмаған бала отырған, жүргізуші тоқтап, әйелді көлігіне отырғызады. 

Автокөлік салонында сотталушы электронды темекі тұтатқандықтан көлік иесі салонда темекі шегуге болмайтынын ескерткен. Көліктің артқы орындығында отырған әйел ескертуге ызаланып, қолындағы дорбадан пышақ шығарып, жүргізушінің мойынан ұрған. Жүргізуші автомобильді күрт тежеп, салдарынан әйел автомобиль салонының алдыңғы жағына өтіп, пышақпен қайта соққы жасауға тырысады.

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан жәбірленушіге сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, мойынның сол жақ жартысында тесілген жара түрінде дене жарақаты келтірілген. 

СОТ ҮКІМІ

Сотталушы кінәні толық мойындады. 

Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде шын жүректен өкінуін, ал қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде қылмысты мас күйінде жасауын мойындады. Сотталушының жеке басын, жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, істің барлық мән-жайларын ескере отырып, сот жазаны өтеу мерзімінің салмағына пробациялық бақылау белгілей отырып, 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындады, - делінген сот үкімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.