2024 жылдың 1 қазанына қарай тұтынушылық қажеттіліктерге арналған микрокредиттердің көлемі жыл басымен салыстырғанда артты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) мәліметінше, микрокредиттердің көлемі 1,1 трлн теңгеге жетіп, үшінші тоқсанда 4,7%-ға, ал жыл басынан бері 25,6%-ға өскен. Бұл өсімнің негізгі бөлігін микрофинанс ұйымдары берген қарыздар қамтамасыз етті – олардың үлесі жалпы көлемнің 77%-ын құрайды.
Сонымен бірге, микрофинанс ұйымдарының портфелінде 90 күннен астам кешіктірілген қарыздар деңгейі (NPL90+) жыл басындағы 3,9%-дан 6,2%-ға дейін өсті.
Халық арасында 90 күннен астам мерзімі өткен микрокредиттер үлесі қарыз портфелінің 10,5%-ын құрайды (01.01.2024 ж. — 6,5%), ал бизнес портфелінде бұл көрсеткіш 2,0%-ға жетті (01.01.2024 ж. — 1,6%), деп нақтылады ҚНРДА.
Бұған дейін Қазақстан банктері онлайн-кредиттер беру кезінде бір реттік кодтарды міндетті түрде жіберуді енгізуді ұсынатыны хабарланған.
Оның алдында адамдарды несие тарихын түзеп береміз деп алдаған ірі интернет алаяқтар ұсталған.