×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Астанада көшеге «Шерзат үшін» деген жазу ұстап шыққан азаматты полиция ұстап алып кетті

Бүгін, 12:23
Астанада көшеге «Шерзат үшін» деген жазу ұстап шыққан азаматты полиция ұстап алып кетті
Коллаж Ulysmedia.kz

Астанада ер адам Мәңгілік Ел мен Қонаев көшелерінің қиылысында «Шерзат үшін» деген жазуы бар плакатпен көшеге шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

МӘН-ЖАЙЫ

Ақпарат Astanovka98 Telegram-арнасы жарияланды. Кейінірек, куәгерлердің айтуынша, полиция қызметкерлері ол адамды ұстап алып кеткен.

Ulysmedia елордалық полиция департаментінен аталған оқиғаға байланысты пікір білдіруді сұрап, сауал жолдады.

ПОЛИЦИЯ ҮНДЕУІ

Бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы азаматтарды «заңсыз митингтерге қатысуға шақыруларға ермеуге» үндеген.

«Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу заңды өрескел бұзу болып саналады және ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Аталған әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік (ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК-нің 400-бабы) қарастырылған», – делінген полиция мәлімдемесінде.

Бұл ескерту 10 желтоқсанда Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасының жерлеу рәсімінен кейін Азат ауылында болған оқиғаға байланысты жарияланды.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҮСТІНЕН ҚОЗҒАЛҒАН ІС

Ал бүгін адвокат Асқар Қаймақов полиция Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық кодекстің 202-бабы (“бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлім етті.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген. 

Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды.

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.