×
434.58
496.46
5.68
#қаңтар қақтығысы #мұнай #әкімге үш сұрақ #лот ашар #ауыс-түйіс #кибербуллинг #коронавирус #hi-tech
434.58
496.46
5.68

Тоқаев халық атынан Назарбаевқа алғыс айтты

15.12.2021, 16:41
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Тәуелсіздіктің 30 жылы – тұтас дәуір. Бұл күрделі қиыншылықтар мен ауыр сынақтарды батыл түрде еңсерудің, соқпақты жолдай шексіздікке дейінгі ұзақтығы бар дәуір. Бұл жасампаздықтың дәуірі. Сол себепті мен біздің елдің азаматтары атынан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Қазақстан Тәуелсіздігін құрылымдау ісінде орасан зор еңбегі үшін шын жүректен алғыс айтамын», - деді Тоқаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында.

Мемлекет басшысы Қазақстанның 20, 30 жылдан кейінгі болашағы еліміздің әрбір азаматына, яғни әрқайсымызға тікелей байланысты екенін айтып өтті.

«Бұл – айрықша тарихи маңызы бар мәселе. Алдағы онжылдық Отанымыздың жаңа белеске көтерілетін кезеңі болады деп сенемін. Тарихи уақыт өлшемімен қарағанда 30 жыл деген – қас-қағым сәт. Ал, өткен оқиғалар тұрғысынан бағаласақ, ғасырларға татитын мерзім. Қазақстан халқы үшін бұл – азаттық жылнамасының тұтас дәуірі. Жарқын болашағымызға жол салған ұлы жетістіктер кезеңі», – деді ол.

Айта кетсек елордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтіп жатыр.