Қазақстанда экс-президенттер мен олардың отбасы жайлы деректер құпия ақпараттар қатарына енгізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сенат бірнеше заңнамалық актілерге, соның ішінде "Мемлекеттік құпиялар туралы” заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдады.
Жобаға сәйкес, мемлекеттік құпияларға қазіргі президенттің, оның отбасының қауіпсіздігі, сондай-ақ оның денсаулығы мен жеке өмірі туралы мәліметтер ғана емес, сонымен қатар экс-президенттер мен олардың отбасылары туралы ұқсас ақпарат та енгізіледі.
“Мемлекеттік құпиялар туралы" Заңына барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызметтер саласындағы мемлекеттік құпияларға Қазақстан президентінің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырылуы, күштері, құралдары мен әдістері туралы, президенттің денсаулық жағдайы мен жеке өмірі туралы мәліметтерді, Қазақстанның бұрынғы президенттерінің және олардың отбасы мүшелері туралы дәл сондай мәліметтерді қосу бойынша толықтырулар енгізіледі" деп жазылған заң жобасының қорытындысында.
Заң жобасын депутаттар қолдады, енді ол президентке қол қоюға жіберіледі.
НАЗАРБАЕВТЫҢ ОТБАСЫ
Қазақстанда әзірше бір ғана экс-президент бар, ол 84 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев билікке 2019 жылы келді. 2022 жылы қайта сайланды. Келесі президент 2029 жылы ауысуы тиіс.
Нұрсұлтан Назарбаев 2022 жылы Қаңтар оқиғаларынан кейін өзін “зейнеткермін” деп атап, бұрынғы мемлекет басшысы көпшілік алдында сирек пайда бола бастады, ал оның кей туыстарының үстінен іс қозғалды.