×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Нұрсұлтан Назарбаев Тоқаевты қолдауға шақырды

15.12.2021, 16:13
Фото: Ашық дереккөзден

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында сөз сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ел еліне сенген, еріне еліне сүйенген жұртшылықтың бұдан да жарқын болашағы боларына сенемін. Сондықтан ел болып, халық болып, бірлігімізді жазбай, ел басының төңірегіне топталуымыз керек. Бұрынғыдай бір жұдырық болсақ, бәрін жеңеміз. Өздеріңіз де білесіз ғой: қазақ қосылған кезде жеңбеген жауы болмаған. Ал қазақ ыдыраған кезде кім болса сол келіп, елімізді талап кеткен. Соны өзіміз де, жастарымыз да түсінуі керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға шақырды.

«Президентімізді қолдап, бастамаларының барлығын жұмыс істеп, бір адамдай болсақ, бір қолдан жең, бір иықтан бас шығарсақ, болашақтағы табыстарымыз мол болады», - деді Елбасы.

Серіктес жаңалықтары