Маңғыстаулық полицейлер республикалық маңызы бар жол учаскелерінің бірінде жол қозғалысына шектеу қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Ауа райының нашарлауына, атап айтқанда, қарлы боран салдарынан көрінудің болмауына байланысты бүгін, 14 желтоқсанда республикалық маңызы бар Бейнеу – Сайөтес учаскесіндегі өткел жабылды”, делінген әкімдік хабарламасында.
Еске сала кетсек, бүгін «Қазгидромет» РМК елімізде ауа райының күрт өзгеретінін ескерткен. Республика бойынша көктайғақ, тұман, жел күшейіп, бұрқасын күтілетіні хабарланды.