×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Көктайғақ салдарынан Қарағанды-Астана тас жолында 700-ден астам көлік тұрып қалды

15.12.2024, 09:40
Көктайғақ салдарынан Қарағанды-Астана тас жолында 700-ден астам көлік тұрып қалды
ТЖМ / Видео кадры

Қарағанды ​​облысында күрделі ауа райы жағдайынан туындаған жолдағы көктайғаққа байланысты республикалық және облыстық маңызы бар барлық тас жолдар жабылды. Осыған байланысты жолдарда кептеліс пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, облыста түнде 1000-нан астам көлік жолда кептеліп қалған.

“Қазіргі таңда облыста 1000-нан астам көлік тоқтап тұр. Әсіресе күрделі жағдай Қарағанды-Астана бағытында байқалады, онда көктайғақ салдарынан 700-ден астам көлік жиналып қалды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аймақтық полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары түнде Қарағандыдан Ақмола облысының шекарасына дейін 700-ден астам және қарсы бағытта 1000-нан астам көлікті алып жүруді ұйымдастырды”, делінген Ішкі істер министрлігінің таңға жуық жария болған ақпаратында.

Әзірге Ішкі министрлігінің де, Төтенше жағдайлар министрлігінің де таңертеңгі жағдай бойынша еш ақпараты жоқ.

Еске сала кетсек, кеше Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды. “Қазгидрометтің” болжамынша, жексенбі, 15 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жауын-шашын түседі.