×
522.49
547.88
5.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.49
547.88
5.06

Жүргізушілер назарына: 2025 жылы айыппұлдар қаншалықты өседі

17.12.2024, 11:55
Жүргізушілер назарына: 2025 жылы айыппұлдар қаншалықты өседі
Коллаж Ulysmedia.kz

2025 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3932 теңгені құрайды, бұл ағымдағы жылмен салыстырғанда 240 теңгеге жоғары. Осыған байланысты айыппұлдардың да мөлшері өседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жылдамдықты асыру:

  • 10-20 км/сағ аралығында: 5 АЕК немесе 19 660 теңге (2024 жылы – 18 460 теңге).
  • 20-40 км/сағ аралығында: 10 АЕК немесе 39 320 теңге (2024 жылы – 36 920 теңге).
  • 40 км/сағ жоғары: 20 АЕК немесе 78 640 теңге (2024 жылы – 73 840 теңге).
  • Қайталанған жағдайда (1 жыл ішінде): 30 АЕК немесе 117 960 теңге (2024 жылы – 110 760 теңге).

Жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізу:
5 АЕК немесе 19 660 теңге.

Жол белгілерін немесе жол сызықтарын елемеу:
3 АЕК немесе 11 796 теңге (2024 жылы – 11 076 теңге).

Қызыл шамға өту немесе реттеушіге бағынбау:

  • 10 АЕК немесе 39 320 теңге (2024 жылы – 36 920 теңге).
  • Қайталанған жағдайда: 15 АЕК немесе 58 980 теңге (2024 жылы – 55 380 теңге).

Жаяу жүргіншілер жолымен, жол жиегімен немесе тротуармен жүру:
15 АЕК немесе 58 980 теңге (2024 жылы – 55 380 теңге).

Тұрақ ережелерін бұзу:

  • Тұрақтау және тоқтау ережелерін бұзу: 5 АЕК немесе 19 660 теңге (2024 жылы – 18 460 теңге).
  • Тротуар немесе гүлзарға тұрақтау: 10 АЕК немесе 39 320 теңге (2024 жылы – 36 920 теңге).
  • Тұрақ ақысын төлемеу: 3 АЕК немесе 11 796 теңге (2024 жылы – 11 076 теңге).

Көлікті тоқтату талабын орындамау:
40 АЕК немесе 157 280 теңге (2024 жылы – 147 680 теңге). Қайталанған жағдайда жүргізуші куәлігінен айыру және 5 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Жүргізуші куәлігінен айырылған тұлғаларға бұл үшін 60 АЕК немесе 235 920 теңге (2024 жылы – 221 520 теңге) айыппұл салынады.

Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау және рульде телефон пайдалану:
5 АЕК немесе 19 660 теңге (2024 жылы – 18 460 теңге).

Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы:
2 АЕК немесе 7 864 теңге (2024 жылы – 7 384 теңге). Қайталанған жағдайда: 10 АЕК немесе 39 320 теңге (2024 жылы – 36 920 теңге).