Ведомствоаралық комиссия 16 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай туралы деректерді жария етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Өткен тәулікте елде коронавирус инфекциясын жұқтырған 546 адам тіркелді. Ал 577 адамның осы вирустан айыққаны хабарланып отыр.
Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 8 888 767 адам, ІІ компонентін 8 345 536 адам салдырды.
Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпаратқа сәйкес, 2021 жылғы 16 желтоқсанда «Pfizer» вакцинасының I дозасын 203 284 адам, ІІ дозасын 31 809 адам ектірген.
17 желтоқсандағы мәлімет бойынша бүгінгі таңда елде 20 002 адам коронавирус инфекциясынан (17 392 КВИ+ және 2 610 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 3 468 пациент стационарда болса, 16 534 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 281 адамның жағдайы ауыр болса, 81 пациенттің жағдайы өте ауыр. 63 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.