×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Жайықты құтқару үшін жерасты суына көшу туралы шешім қабылданды

17.12.2021, 11:09
Фото: Ашық дереккөзден

Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Жайық өзеніндегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты жұмыс жоспарын жария етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Жайық өзені бассейніндегі экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында Ресей тарапымен бірлескен іс-шаралар барысында 2020 жылғы 4 желтоқсанда «Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі 2021-2024 жылдарға арналған Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы бағдарламасына» қол қойылған. Өзеннің сулы деңгейін арттыру мәселесін бірлесіп шешу үшін арнайы Жол картасы бекітілген.

«Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмысына техникалық тапсырма әзірленді. Бұдан басқа, көктемгі өр суы келер алдында трансшекаралық өзендердің гидрометереологиялық жағдайларын ескере отырып, Ресеймен су бөлу көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда Жайық өзеніндегі су деңгейін сабалық кезеңде ұстап тұру үшін маусым-тамыз айларында Ирикла су қоймасынан су өтімін 30 м3/с дейін көбейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», - дейді Роман Скляр депутаттарға берген жауабында.

Одан бөлек Жайық өзенінен су қолданысын азайту үшін сумен жабдықтаудың жерасты көздеріне кезең-кезеңімен көшу туралы шешім қабылданған. Батыс Қазақстан облысында су тапшылығын болдырмау және халықты тұрақты сумен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында биыл тәулігіне 1000 м3 төмен көлеммен 16 ұңғыманың пайдалану мүмкіндігін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілген.

«2015-2021 жылдар аралығында 224 елді мекеннің жер асты су қоры барланып, 13 кен орнына қайта бағалау жұмыстары жүргізілді. Бұл ретте 2022-2024 жылдары аралығында елді мекендерді жер асты суымен қамтамасыз ету үшін 7 кен орнының қорын қайта бағалау жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ, Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Шығыс Тайсойған жер асты су қорынан су алу үшін қосымша іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу жұмыстары жоспарлануда. Су қоймалары мәселесі жөнінде Батыс Қазақстан облысында екі су қоймасын салу және бір жаңарту көзделген. Сонымен, Ресейден Еділ суын беру жөніндегі қызметтерге республикалық бюджеттің шығындарын 30 %-ға дейін төмендету және 12 мыңнан астам тұрғындарды сумен қамтамасыз ету үшін Казталов ауданының Жалпақтал ауылынан жоғары Қараөзен өзенінде көлемі 28 млн.м3 дейін болатын су қоймасын салу бойынша жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалды. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды және оны іске асыру 2022-2024 жылдарға жоспарланып отыр», - дейді премьер-министрдің орынбасары.

Сонымен қатар, жобалық сыйымдылығы 10-12 млн. м3 құрайтын Казталов ауданының Сексенбай ауылы тұсынан су қоймасы құрылысына қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме дайындалып жатыр. Бұдан басқа Киров су қоймасын реконструкциялау үшін жобалаусметалық құжаттама дайындалды, оның құны 2,6 млрд. теңге, жобаны іске асыру 2022-2024 жылдарға жоспарланып отыр. Жайық өзенінен су тұтыну мөлшерін азайту мақсатында суландыру жүйесін реконструкциялау, қайталама су пайдалану, егін шаруашылығында тамшылатып, жаңбырлатып суару әдістерін қолдану және тағы басқа механизмдер қарастырылуда.

 

Серіктес жаңалықтары