×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

БЖЗҚ-дағы жинағын ең көп пайдаланған – алматылықтар, ең азы – түркістандықтар

17.12.2021, 11:27
Фото: Ашық дереккөзден

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақысының бір бөлігін бүгінге дейін 658 502 адам пайдаланыпты. Оларға жалпы жиыны 2,3 трлн теңге ақша аударылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы БЖЗҚ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Зейнетақысын пайдаланушылардың 624 488-і ақшасын Отбасы банкке аударған. Ал 24 851 адам Халық банк арқылы алса, 8665 адам БЦК арқылы жинағын пайдаға жаратыпты.

Зейнетақысын пайдалану бойынша бірінші орында Алматы қаласы (115 мың адам – 508 млрд теңге) тұр. Одан кейінгі орынға нұрсұлтандықтар (87 938 адам – 313 млрд теңге) жайғасқан. Үштікті Маңғыстау облысының халқы (84 742 адам – 455 млрд теңге) түйіндейді. Атырау (54 008 адам – ) мен Ақтөбе (46 951) облыстарының халқы да зейнетақысының игілігін көргендер қатарында.

Зейнетақы жинағын ең аз пайдаланғандардың басында Түркістан облысы тұр. Бұл өңірдегі 1188 адам ғана 2,9 млрд теңгені пайдаға жаратқан.

Серіктес жаңалықтары