×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Тоқаев Желтоқсан оқиғасы жайлы пост жариялады

17.12.2021, 11:48
Фото: Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1986 жылғы шеру - халқымыздың бостандыққа ұмтылысын көрсеткенін жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

«Осыдан 35 жыл бұрын қазақ жастары Кеңес одағының өктемдігіне қарсы шықты. 1986 жылғы наразылық шеруі халқымыздың бостандыққа ұмтылысын көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының өшпес ерлігі біздің мемлекеттілік тарихымызға мәңгі жазылды», - деді Тоқаев твиттердегі парақшасында.

Қазақ жастары 1986 жылы 16 желтоқсан күні қазір қала әкімдігі орналасқан алаңда, Қазақстан коммунистік партиясы орталық комитетінің алдында зейнетке кеткен Дінмұхамед Қонаевтың орнына республика басшылығына келген Геннадий Колбинның тағайындалуына келіспей, ереуілге шықты. Мәскеудің жергілікті халықтың пікірімен санаса бермейтін әміршіл өктемдігі баршаның ыза-ашуын туғызған. Қазақ тарихының бұл кезеңі Желтоқсан оқиғасы ретінде есте қалды.

Серіктес жаңалықтары