×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

АҚШ Қытай экономикасына қарсы жаңа санкцияларды енгізді

17.12.2021, 12:37
АҚШ Қытай экономикасына қарсы жаңа санкцияларды енгізді
Фото: Ашық дереккөзден

АҚШ Қаржы министрлігі Қытайдың технологиялық 8 компаниясына қарсы санкция енгізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

АҚШ билігінің пайымдауынша, ҚХР Үкіметіне «Қытайдағы этникалық және діни азшылықтарды», атап айтқанда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы (ШҰАР) ұйғырларды биометриялық технологияларды қолдана отырып бақылауға көмектесетін заңды тұлғалар шектеу шараларына іліккен. АҚШ азаматтарына санкциялар тізіміне енген компаниялардың бағалы қағаздарын сатуға және сатып алуға тыйым салынады. Мұндай ұйымдардың арасында қытайлық DJI Technology ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіруші де бар.

Бұған дейін АҚШ Конгресінде ҚХР-дағы ұйғырлардың мәжбүрлі еңбегінің алдын алу туралы заң жобасы мақұлданғаны хабарланған болатын. Заң жобасына сәйкес, АҚШ ШҰАР-дан тауарлар импортына шектеулер енгізуге, сондай-ақ Вашингтонның пікірінше, аймақтағы адам құқықтарын бұзғаны үшін жауапты жеке және заңды тұлғаларға санкциялар салу көзделген.