×
527.58
546.15
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.58
546.15
5.29

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ техбайқаудан қашан өткен

25.12.2024, 23:26
Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ техбайқаудан қашан өткен
avia.tutu.ru

Ақтау қаласы әуежайының маңында апатқа ұшыраған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы биылғы қазан айында толық техникалық байқаудан өткені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz АзерТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

AZAL әуе компаниясына тиесілі «Embraer 190» әуе кемесі 2013 жылы шығарылған және 4K-AZ65 нөмірімен тіркелген. 

«Өндірушінің сериялық нөмірі: 19000630. Ұшақтың жалпы ұшу уақыты – 15 257,22 сағат және 9 949 рет жерге қонған. Әуе кемесінің соңғы толық техникалық тексерісі 2024 жылдың 18 қазанында жүргізілді. Соңғы тексерістен бері 671 ұшу сағатын өткізген, делінген хабарламада. 

Ал әуе кемесінің капитаны Игорь Кшнякин – мол тәжірибелі маман, ол 15 мың сағаттан астам уақыт әуеде ұшқан және 11 200 сағатында капитан лауазымында болған.

ҰШАҚ АПАТЫ ТУРАЛЫ

25 желтоқсан күні Ақтауда Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан Әзербайжанның ұшағы апатқа ұшырады. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқанын ресми мәлімдеді.

Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының деректері бойынша бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың арасында: Қазақстанның 6 азаматы, Әзербайжанның 42 азаматы, Қырғызстаннан 3, Ресейден 16 азамат бар.

ТЖМ апатқа ұшыраған ұшақтағы адам саны туралы түпкілікті ақпаратты жариялады. Оқиға салдарынан 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 15 Әзірбайжан азаматы, 9 Ресей азаматы, 2 Қырғызстан азаматы, 3 адамның азаматтығы анықталуда.

Ақтау маңында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланып, кинологтар іске кірісті.