×
514.93
536.04
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.93
536.04
5.18

Ақтаудағы ұшақ апатынан тағы бір жаңаөзендік азамат көз жұмды

Бүгін, 00:02
Ақтаудағы ұшақ апатынан тағы бір жаңаөзендік азамат көз жұмды
Ulysmedia коллажы

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болғандардың ішінде тағы бір жаңаөзендік азамат бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz порталының ақпараты бойынша, ол азаматтың есімі – Төлесінов Сәндібек Екібайұлы. Марқұм 1988 жылы 11 қарашада дүниеге келген. Тұрғылықты мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.

Ол «МұнайФилдСервис» ЖШС-де еңбек еткен. Ол бұған дейін Ақтау-Баку бағытына ұшып кеткен.

Марқұмның артында жұбайы және 4 баласы қалды.

Ұшақта қаза болғандардың ішінде бұған дейін Қазақстанның бірнеше азаматы бар екені хабарланған. Олардың біреуі Ақтау, біреуі Қарағанды тұрғыны, тағы екеуі Астана тұрғындары – белгілі нотариус пен оның ұлы. Ал қаза болған жаңаөзендіктер саны осымен 2 адамға жетіп отыр.

ҰШАҚ АПАТЫ ТУРАЛЫ

25 желтоқсанда күні Ақтауда Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан Әзербайжанның ұшағы апатқа ұшырады. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқанын ресми мәлімдеді.

Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының деректері бойынша бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың арасында: Қазақстанның 6 азаматы, Әзербайжанның 42 азаматы, Қырғызстаннан 3, Ресейден 16 азамат бар.

ТЖМ апатқа ұшыраған ұшақтағы адам саны туралы түпкілікті ақпаратты жариялады. Оқиға салдарынан 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 15 Әзірбайжан азаматы, 9 Ресей азаматы, 2 Қырғызстан азаматы, 3 адамның азаматтығы анықталуда.

Ақтау маңында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланып, кинологтар іске кірісті.