×
514.93
536.04
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.93
536.04
5.18

Университет студенттерінің 64,6% қазақ тілінде, 25,9% орыс тілінде оқиды

Бүгін, 11:30
Университет студенттерінің 64,6% қазақ тілінде, 25,9% орыс тілінде оқиды
Ulysmedia/ЖИ

Ұлттық статистика бюросы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы статистика деректерін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАНША СТУДЕНТ БАР

Бюро мәліметінше, 2024-2025 оқу жылының басында елде 113 жоғары оқу орны жұмыс істеген, ондағы студенттердің жалпы саны 624,5 мың адамды құрады, оның 53% әйелдер. Биылғы оқу жылында 183,6 мың студент оқуға қабылданған, оның 51,8% – әйелдер.

Жоғары оқу орындарының 42,5% мемлекеттік, 56,6% – жекеменшік, Алматыдағы 1 ЖОО – шетел меншігінде. Студенттердің жартысынан көбі (51,3%) мемлекеттік жоғары оқу орындарында, 48% жекеменшік, 0,7% шетел меншігіндегі оқу орындарында оқиды.

 

ОҚУ ТІЛІ

Студенттердің 64,6% қазақ тілінде, 25,9% орыс тілінде, қалған 9,5% шет тілінде білім алады.

Жас құрамы бойынша оқушылардың басым бөлігі, атап айтқанда 67,6% 17-20 жас аралығындағылар. Сондай-ақ студенттер арасында 15 жастағы 21 адам және 40 жастан асқан 10 463 адам бар.

Мамандықтар бойынша студенттердің негізгі үлесі педагогика ғылымдары бойынша білім алып жатыр – 27,3%, инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы мамандықтары екінші орында – 16,4%, бизнес, басқару және құқыққа байланысты мамандықтар бойынша білім алатын студенттер үлесі – 13,5%.

ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР

Басқа елдімекеннен келіп, оқып жатқан студенттердің жалпы саны 336,4 мың адам. Жатақханаға мұқтаж студенттер саны 131,4 мың адамды құрады, оның ішінде 95,9 мың студент жатақханада тұрады.

Айта кетерлігі, өткен оқу жылында 67,8 мың студент оқудан шығып кеткен, 147,4 мың адам оқуын аяқтаған.

Соңғы 5 жылда жоғары білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдардың саны 9,6% қысқарды. 2019-2020 оқу жылымен салыстырғанда студенттер саны 8,5% өсті.

ЖОО-ДАН КЕЙІНГІ БІЛІМ

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында 2024-2025 оқу жылының басында магистранттар, докторанттар және резидент-дәрігерлер саны өткен жылдармен салыстырғанда өскен.

Магистранттардың жалпы саны – 39 172 адам. Мемлекеттік білім беру тапсырысы/мемлекеттік білім беру гранты есебінен 19 534 адам немесе магистранттардың жалпы санының 49,9%-ы білім алып жатыр, 18 224 адам немесе 46,5% ақылы білім алады.

Резидентурада оқитындардың жалпы саны 8882 адам. Есепті жылы қабылданғандар – 4080 адам, оқу бітіргендер – 2 558 адам.

Докторанттардың жалпы саны 7 633 адамды құрайды, оның ішінде 4 707 адам немесе 61,7% әйелдер. Тиісті сала бойынша докторанттар саны – 276 адам және философия докторанттары (PhD) – 7 357 адам.