30 желтоқсаннан бастап Мәскеу мен Ашхабад арасындағы тұрақты әуе рейстері бір айға тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Түркіменстанның Тurkmenistan Аirlines әуе компаниясы өз сайттарында ресми хабарлады.
Осылайша, Түркіменстан әуе жолдары 30 желтоқсан мен 31 қаңтар аралығында рейстерін тоқтатуға шешім шығарды.
"Turkmenistan Airlines 30.12.24 пен 31.01.25 аралығында Ашхабад - Мәскеу - Ашхабад бағыты бойынша тұрақты рейстердің тоқтатылғанын хабарлайды. Төлемді толық қайтаруға болатынын хабарлаймыз», делінген хабарламада.
Бұл шешімнің Ақтаудағы ұшақ апатына қаншалықты қатысы барын компания жазбады. Дегенмен Ақтаудағы жағдайдан кейін Қазақстан мен Әзербайжан Ресейдің бірқатар қалаларына ұшатын әуе рейстерін уақытша тоқтатқан еді.