×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Иван Дычко 45 жастағы қарсыласын бірінші раунда жеңді

18.12.2021, 22:59
Фото: Ашық дереккөзден

Елордада Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кәсіпқой бокс кешінде Иван Дычко өнер көрсетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Иванға қарсы жекпе-жекті Ресей боксшысы Александр Устинов өткізді. 45 жастағы боксшының бойы 202 см, салмағы 122 келі. Ал Иванның бойы 206 см, ал салмағы 110 келі екені хабарланды.

Устинов алғашқы раундта-ақ басымдық көрсете алмады. Кездесу алдында Дычконың «мен жаспын, күштірек әрі ақылдырақпын» деген сөзін текке айтпағаны  анық еді. Устиновтың бұрышы алғашқы раундта бірнеше соққы алғаннан кейін кездесуді тоқтатуды сұрады.

Айта кетерлігі, Иван бұған дейін де «жасы келіп қалған» боксшылармен кездесу өткізген. Атап айтқанда 2019 жылы Дычко 49 жастағы америкалық Рэй Остинмен шығып, оны нокаутқа жіберген еді.

Серіктес жаңалықтары