×
526.11
542.31
4.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.11
542.31
4.76

Миллиард теңгеге жуық қаражатты жымқырған қазақстандық Дубайда ұсталды

31.12.2024, 10:26
Миллиард теңгеге жуық қаражатты жымқырған қазақстандық Дубайда ұсталды
Коллаж Ulysmedia.kz

Компанияның қомақты ақшасын иемденген қазақстандық Дубайда ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дубайда Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталған.

2022 жылы күдікті адамдар тобымен алматылық ЖШС-лердің бірінен өзіне қарасты компанияның шотына қаражат аудару арқылы 947 миллион теңге жымқырған.

Қазіргі уақытта ер адам қамауда. Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Бұған дейін Ұлттық банк шабуылдаушылар азаматтардың жеке деректері мен банк шоттарына қол жеткізу үшін қолданатын жаңа схемалар туралы айтып берген.