City Transportation Systems жаңа жылдық демалыс күндері елордадағы қоғамдық көлік қалай қатынайтынын мәлім етті, деп жазады Ulysmedia.kz.
31 желтоқсанда қоғамдық көлік жұмысы өзгеріссіз, бекітілген кестеге сәйкес жүреді.
Мереке күндері қала және қала маңы бағдарлары демалыс күнінің кестесіне сәйкес (06:00 - 23:00) жүреді;
1 қаңтар
Сағат 10:00-ге дейін қалалық бағдарлар бір рейс өткізіп жүреді. Сағат 10:00-ден кейін бекітілген кестеге сәйкес жүреді;
*экспресс және қала маңы бағдарлары кестеге сәйкес жүреді.
2-4 қаңтар демалыс күнінің кестесі бойынша өзгеріссіз;
5-6 қаңтарда қала және қала маңы бағдарлары жұмыс күнінің кестесіне сәйкес жүреді.
7 қаңтарда демалыс күнінің кестесі бойынша жүреді.
Келесі күндері қоғамдық көлік қолданыстағы кестеге сәйкес (апта күніне орай) штаттық режимде жүреді.
ҚАҢТАРДАҒЫ ДЕМАЛЫС
Қаңтарда бес күндік жұмыс аптасы бар қазақстандықтар Жаңа жылда 1-4 қаңтар, ал алты күндік жұмыс аптасы 1-3 қаңтар аралығында демалады.
2025 жылы қазақстандықтар 121 күн демалады және 244 жұмыс күні болады.