Алматы облысының тауларында 2 қаңтарға дейін көшкін қаупі сақталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы өңірдегі ТЖД-ға сілтеме жасай отырып.
ТЖД мамандары азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкіні қаупіне байланысты қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын сақтауды сұрайды.
Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тау жотасының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін қаупі бар 55 учаске бар.
Әдетте қар көшкіні күннің жылынуынан және жаңбыр мен қардың көп жауғанынан түседі.