×
526.11
542.31
4.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.11
542.31
4.76

Биыл құжаттарды жасату қанша теңгеге қымбаттайды

01.01.2025, 15:45
Биыл құжаттарды жасату қанша теңгеге қымбаттайды
Ulysmedia коллажы

2025 жылдан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 3692 теңгеден 3932 теңгеге ұлғаяды. Демек, әлеуметтік төлемдер, айыппұлдармен қатар, құжат жасау үшін төленуі тиіс сома да өседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жеке куәлік алу бұдан былай 787 теңге тұрады.

Балалар куәлігін алуға 4 АЕК – 15 728 теңгеге қымбаттады.

Шетелге шығу үшін паспорт жасатуға бұдан былай 31 456 теңге төлеу керек. Бұл 8 беттігі үшін төленетін сома. Ал 12 беттік паспорттың құны 47 184 теңгеге қымбаттады.

Ажырасуға өтінім беру үшін 4 АЕК – 7864 теңге төлеу керек.

Некеге тұру 3932 теңге тұрса, жүргізуші куәлігі 4915 теңге тұрады.

Ulysmedia.kz бұған дейін көлік тізгініндегі азаматтар көбірек төлейтін айыппұлдардың мөлшері қалай өсетінін шолып шыққан болатын.

Тағы да оқыңыздар: Зейнетақы, жәрдемақы, декреттік төлемге 2025 жылдан бастап қанша қосылады.