×
525.11
546.74
4.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
525.11
546.74
4.88

«Полиция көлік кілтін тартып алып, екі баламды далада қалдырды». Өскеменде шу шықты: полиция не дейді

03.01.2025, 12:52
«Полиция көлік кілтін тартып алып, екі баламды далада қалдырды». Өскеменде шу шықты: полиция не дейді
Ulysmedia коллажы

Әлеуметтік желіде Өскемен қаласы тұрғынының полиция қызметкерлерімен кикілжіңі түсірілген видео тарап жатыр. Оны түсірген азамат полицейлер көлігінің кілтін "тартып" алып, екі баласымен бірге далаға қалдырғанын айтады. Ulysmedia.kz порталы осы оқиғаның мән-жайын Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінен сұрап білді. 

ЖЕЛІДЕГІ ВИДЕО

Желіге тараған видеода екі баласымен тұрған әйел полиция қызметкерлерінің көлігінің терезесінен қағып, кілтті қайтаруды талап етеді.

– Төрт және екі жастағы балам бар. Көлік транзит (?) болғаны үшін бізді эвакуатор күттіріп, далаға қойып қояды. Әкеліңіз көліктің кілтін! Халықпен санаспайды. Екі кішкентай бала. Түннің бір уағы. Өз көлігіміздің кілтін алып, екі баламызды далаға тастап тұр, – дейді әйел.

Осыны көрген желі қолданушылары полицияға ашуын жазған пікірлер арқылы төгіп жатыр.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Облыстық полиция департаментін аталған жағдайды былай түсіндіреді:

– 2024 жылы 2 қаңтарда Өскемен қаласында полиция қызметкерлері корейлік транзиттік нөмірлері бар «KIA K5» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде көлік Қазақстанға бір жыл бұрын әкелінгенімен, осы уақытқа дейін белгіленген тәртіппен тіркеуге қойылмағаны анықталды. Көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізуші автокөлікті арнайы тұраққа жеткізу үшін ерікті түрде барудан бас тартқандықтан, полиция қызметкерлері эвакуатор шақырып, оның келуін күткен, – дейді полиция.

Эваукаторды күткен кезде полицияның хабарлауынша, жүргізуші “әдейі автокөліктен жұбайы мен үш баласын шығарып, оларды сыртта қалдырып, бейнежазба түсіре бастаған”.

– Ол бейнежазбада полиция қызметкерлерін кәмелетке толмаған балаларды далада әдейі ұстап тұр деп айыптаған. Алайда  тоқтатылған автокөлік ашық күйде болғандықтан, эвакуатор келгенге дейін оның ішінде қалуға толық мүмкіндік болды, – дейді полиция.