×
525.11
546.74
4.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
525.11
546.74
4.88

Сот «Яндекске» Роснефть зауытының картасы мен фотосын жабуды міндеттеді

03.01.2025, 19:28
Сот «Яндекске» Роснефть зауытының картасы мен фотосын жабуды міндеттеді
gazeta.ru

Мәскеудегі сот "Яндексті" Роснефтьке кіретін Рязань мұнай өңдеу компаниясы зауытының фотосуреттері мен карталарын жасыруды міндеттеді. Бұл туралы "Медиазонға" сілтеме жасай отырып Ulysmedia.kz хабарлайды.

Сот шешімінде "Яндекс" кәсіпорынның құрамдас бөліктерін (цехтар, компрессорлық станциялар, цистерналары бар алаңдар, зауыттың басқа элементтері) карталарынан алып тастауы, графикалық кескіндерді реттеу арқылы "мұнай өңдеу компаниясының инфрақұрылымына қолжетімділікті алып тастауы керек делінген.

Сотқа "қадағалау басқармасы” талап қойды.

Сотта қарастырылып отырған зауытқа 2024 жылы украиналық дрондар төрт рет шабуыл жасап, кәсіпорынның инфрақұрылымына зиян келтірді деп мәлімдейді.

Ведомство мәселені тікелей Яндекспен шешу әрекеті нәтижеге әкелмегеннен кейін сотқа жүгінген. Сот МӨЗ карталары мен фотосуреттеріне ашық қол жетімділік "мемлекеттің қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіреді", сондай-ақ Ресей армиясына "материалдардың уақтылы жеткізілуіне теріс әсер етеді" деп есептеді. Сот шешімі бойынша Яндекстен мемлекеттік баж да өндірілді.