×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Желіде беташарға 55 млн теңге салған тойдың видеосы тарады

19.12.2021, 18:16

Тойлардың бірінде беташарға салынған қомақты қаражат әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тойдың қай қалада өтіп жатқаны айтылмайды. Видеоны Наурызбек Рсымов атты асаба инстаграм-парақшасында таратқан.

«Мынау беташар потолокқой я)) 1 жігіт 1 500 000 милион тастау деген болды ма @rauan_asaba @kabdol сендерде? Или мен алға шығып кеттімба? Банкіге келісе салмаппынғой)) Соңыше» – деп постқа жазба қалдырды асаба.

Той иелеріне миллиондап салынған ақша қызығып та, сынап та қарап жатқандар бар. Жайдарманшы өзінің жазбасында беташар табағына жалпы 55 млн теңге түскенін жазған.

«Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді деген...» - деп пікір қалдырыпты бір қолданушы.

«Еее, шіркін осы ақшаларды садақа қылып екі жастың атынан деп кедей кепшік қиналып, қарызданып жүрген адамдарға Алланың разылығы үшін деп таратып жіберсе! Екі дүниеде сол пайдалы болар еді отау құрып жатқан екі жасқа...амал жоқ....» - депті екіншісі.

Серіктес жаңалықтары