×
526.11
542.31
4.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.11
542.31
4.76

Бразилияда Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігін зерттеу басталды

04.01.2025, 11:59
Бразилияда Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігін зерттеу басталды
ТЖМ

Бразилияда сарапшылар 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін зерттеуге кірісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

AzeSputnik мәліметінше, қара жәшікті зерттеу жұмыстарына Қазақстан, Әзербайжан мен Ресейдің тергеушілері де қатысып жатыр. 

Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін виртуалды шындықты пайдаланып графикалық реконструкция жасау жоспарланып отыр, делінген хабарламада. 

Бразилияның G1 порталының мәліметінше, қара жәшіктен алынған ақпарат Қазақстанның авиациялық оқиғаларды тергеу департаментіне жіберіледі. 

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

25 желтоқсанда апатқа ұшыраған әуе кемесінің қара жәшігі табылды. Ал 26 желтоқсанда Маңғыстау облысының көліктегі прокуроры Абылайбек Ордабаев ұшақ құлаған жерден тағы бір «қара жәшік» табылғанын айтты.