×
526.11
542.31
4.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.11
542.31
4.76

Алматылық әйел туған әпкесін балталап өлтіріп тастаған

04.01.2025, 14:13
Алматылық әйел туған әпкесін балталап өлтіріп тастаған
pixabay.com

Алматыда әйел адам туған әпкесін аяусыз өлтіріп тастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға 2 қаңтарда  “Green Recycle” ЖШС қалдықтарды қайта өңдеу зауытының аумағында болған. Зауыт маңынан денесі бөлшектелген 68 жастағы әйелдің денесі табылған. Марқұмның денесі полиэтилен пакетінде жатқан. 

МӘН-ЖАЙ

Полицияның деректері бойынша 67 жастағы әйел әпкесін өлтірген. Оған екеуінің арасындағы ұзаққа созылған араздық себеп болған. Күдікті әйел ұсталып, қамауға алынған. 

Бұл қылмыс тез арада ашылды. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр, дейді полицейлер.

Әлеуметтік желідегі деректер бойынша, күдікті әпкесінің адамның денесін балталап тастаған.