×
497.89
520.89
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.89
520.89
5.47

Алакөл маңында жер сілкінісі болды

04.01.2025, 18:10
Алакөл маңында жер сілкінісі болды
seismology.kz

Жетісу облысында Алакөл маңында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Бұл туралы Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы мәлімдеді.

2025 жылғы 4 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 12:05:55-те ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісі Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 420 шақырым қашықтықта орналасқан, - делінген жедел хабарламада.

Жер сілкінісі сезілмеген.