×
527.3
544.86
4.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.3
544.86
4.95

Ресейде 7 қазақстандық жантүршігерлік жол апатына түсті

Ресейде 7 қазақстандық жантүршігерлік жол апатына түсті
ДСМ

Жеті қазақстандық Ресейдің Самара қаласы маңында жол апатына түсті. Олар Орал ауруханаларына жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, «Самара – Большая Черниговка» тас жолында (РФ Самара облысы) автомобиль апатынан зардап шеккен Қазақстанның алты азаматы, оның ішінде екі бала бүгінде 6 бірлік санитариялық автокөліктің көмегімен Орал медициналық мекемелеріне тасымалданды. Тағы бір зардап шеккен қазақстандықты ТЖ департаментінің бригадасы жеткізді.

МӘН-ЖАЙ

Ресей аумағында қазақстандық азаматтар жол апатына түскеннен кейін оқиға орнына шұғыл түрде алты жедел жәрдем бригадасы жолға шықты.

Зақымдар мен жарақаттардың ауырлығын ескере отырып, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін бригадалардың құрамында балалар мен ересектер травматологтары, хирургтар, нейрохирург, реаниматолог, 6 фельдшер болды.

Апаттан зардап шеккендерде мидың шайқалуы, аяқ-қолдардың, жамбас сүйектерінің, омыртқаның сынуы, көгеру, гематома және орташа ауырлық дәрежесіндегі көптеген жарақаттар тіркелді.

Бүгін таңертең ерте зардап шеккен 5 ересек адам Орал қалалық көпбейінді ауруханасына, 2 бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына емдеуге жатқызылды, онда оларға медициналық көмектің толық көлемі көрсетіледі.

Бригадалардың тасымалдауы барысында пациенттердің жай-күйінің нашарлауына жол берілген жоқ.